Exim Artis

Біздің қызметіміз

Негізгі қызмет

Exim Artis жоғары сапалы көмір қоры бойынша көшбасшылардың бірі болып табылатын Қазақстанда орналасқан өз шахталары мен жеке өңдеу зауыттарынан премиум-класты табиғи көмір жеткізеді.

Біздің жеке өндірістік кешеніміз, дистрибуция және тиеу инфрақұрылымы Қарағанды қаласында (Орталық Қазақстан) орналасқан.

Көмір өндіру және тау-кең өнеркәсібі.

Қазақстан шахталарында өндірілген жоғары сапалы металлургиялық және энергетикалық көмірдің 100%-ы халықаралық сатып алушыларға экспортталады.

2023 жылы біз төрт шахтаға басшылық етеміз: Байжанов атындағы, «Батыр», «Кировская», «Западная», сондай-ақ «Завьяловское» кен орны.

Көмір өңдеу және байыту

Біз – Азиядағы толық циклді жетекші көмір кәсіпорындарының біріміз. Өндіруден экспортқа дейінгі барлық кезеңдерде жұмыс істейміз.

Біз «Қарағанды» орталық байыту фабрикасын және №38 фабрикасын басқарамыз, олардын жылдық жиынтық өнімділігі 4 млн тоннаға дейін жетеді.

Тасымалдау және экспорттау

Exim Artis тұтынушыларға дейінгі өтпелі логистиканы жүзеге асырады, өзінің экспорттық сату үшін өз иелігіндегі көлік компаниясын басқарады.

Экспортталатын көмір өнімінің бірлескен жиынтық көлемі жылына 2 млн тоннадан асады.

Әлеуметтік жауапкершілік

Біз компанияның қызмет ету кезеңінде жарақаттанудың нөлдік деңгейімен 100 пайыздық қауіпсіздік көрсеткішіне қол жеткізгенімізді мақтан тұтамыз.

Қазақстандық барлық кәсіпорындарда қызметтің барлық кезеңдерінде біз БҰҰ Жарғысына сәйкес халықаралық деңгейде танылған адам құқықтарының ең жоғары стандарттарын сақтаймыз.

Қызметкерлер мен қоғамға қамқорлық – біздің қызметіміздің негізі.

Exim Artis 25 жыл бойы бүкіл Қазақстан бойынша бизнесті жүргізу және басқару стандарттарында осы қағидаттардың сенімді бекітілуін қолдап келеді.

Біздің байлығымыз

2млн+

Тонна - жылына

Металлургиялық көмір, энергетикалық көмір, PCI компанияның негізгі өнімдері болып табылады, олар жыл сайын тұтынушыларға 2 миллион тоннадан астам жөнелтіледі.

10+

Өткізу нарықтары

Біз өңірлік кеңселері, сондай-ақ Қазақстанда тау-кен өндіру кәсіпорындары бар Еуропа, Ұлыбритания және Азия нарықтарына қызмет көрсете отырып, бүкіл әлем бойынша тұтынушыларға көмір өнімдерін жеткіземіз.

3000+

Кәсіби мамандар

Өндіру, өңдеу, пайдалану, логистика және жаһандық дистрибуция саласында жұмыс істей отырып, біздің үлкен, біліктілігі жоғары ұжымымыздың бар екенін мақтан тұтамыз.

Жоғары

Бәсекеге қабілеттілік

Жеткізушілер мен дистрибуцияның жолға қойылған жұмысы тауарлардың жоғары сапасына және бәсекеге қабілетті бағаларға кепілдік береді.